• Ұлттану
  • 11 Тамыз, 2014

Алматыдағы жаңа ауданды дамытуға 112 млрд. теңге қажет - қаланың бас сәулетшісі Садырбаев Ғабит

Алматыда жаңадан ашылған Наурызбай ауданын дамытуға алғашқы есеп бойынша 112 млрд. теңге қажет. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Садырбаев Ғабит айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа аудан бойынша әзірге қаржылық жоспарлау жұмыстары жасалып жатыр. Біздің есебімізге сәйкес жаңа қосылған елді мекендердің жолын салу, су, электр, газ кіргізіп, мектеп салу жұмыстары 112 млрд теңгені талап етеді», - деді Ғ.Садырбаев.

Бас сәулетшісінің айтуынша, қазіргі таңда қаланың бас жоспары қаралып жатыр. 2015 жылдың соңына қарай жоспар толығымен бекітіледі. 80 мың га территорияға лайықталған бас жоспар қаланың үш бағытта дамуын қамтамасыз етеді.

«Қала, солтүстік, батыс, шығыс бағытта дамитын болады. Әсіресе, батыс бағытты дамытуға ауқымды қаржы кетпек. 23 мың га жерді игеру оңай емес. Нысандардың барлығы біріккен жоспарсыз құрақ сияқты әр учаскелерде салынған. Ешқандай мәдени, әлеуметтік нысандар салынбаған. Енді Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен жыл сайын мұнда 5 мектеп, 5 балабақша, 1 аурухана салынатын болады», - деді ол.

Қаланың жаңа бас жоспары келесі жылы қала құрылысы кеңесінде бекітілетін болады.

 
 

289 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз