• Ұлттану
  • 11 Тамыз, 2014

Н.Назарбаев Р.Ердоғанды президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін маңызды оқиға - президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың сайты.

«Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ Р.Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті.

 «Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  Р.Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.

209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз