• Ұлттану
  • 12 Тамыз, 2014

Жинақы Үкіметті бизнес ортаны басқаруды жақсарту үшін құрдық - Н.Назарбаев

Жинақы Үкіметті бизнес ортаны басқаруды жақсарту үшін құрдық. Бүгін Ақордада Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан экономикалық ахуалын қалтқысыз жақсарта отырып, шетелдік серіктестер үшін мол перспектива ашады. Макроэкономикалық көрсеткіштер, біздің заңдарымыздың тұрақтылығы, елдегі саяси тұрақтылық, елдің ЖІӨ-сінің 6 пайызға өсімі, 100 млрд. АҚШ долларынан асып жығылатын халықаралық қорлар сенімді жұмыс істеуге мығым негіз қалайды. Өздеріңізде байқағандай, бұл үшін біз бизнес ортаны тиімді басқаруды жақсарту үшін жинақы Үкімет құрудамыз», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде Қазақстанда инвесторларға қатысты салықтың төмен әрі тұрақты екендігін, мемлекет тарабынан жеңілдіктер қарастырылған атап өтті.

«Барынша инвестициялық белсенділік танытқан 10 елдің азаматтары үшін визасыз режім бекітілді. Болашақта бұл тізім кеңейтілетін болады», - деді Мемлекет басшысы.

235 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз