• Заманхат
  • 15 Тамыз, 2014

Масанов – камердинер емес пе, осы?

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, «Ақиқат»

Иә, сонымен тағы да сол Масанов... Тағы да со гөй-гөйі... Мен үшін бұл тақырып, бұл адам жайлы жазып, мәселе көтеру жабылған секілді еді. Амал жоқ, қайта айналып соғуға мәжбүр болып отырмын. Оның себебі, жақында «Караван» газетінің 20-санында «Мало их мочили...» деген тақырыппен Нұр­бо­лат­тың туған халқы туралы адам жанын түршіктіретін, ой-тол­ғам­ға келмейтін, өзіндік шектен шыққан тұжырым-кесімі жа­рық көрді. Бұл о кісінің аталған тақырыпты бірінші рет тілге тиек етуі емес. Бізде де қайт жоқтығы болар, қанша қойдық дегенмен тағы да сөзге арқау етіп отырмыз.


Сонымен, Нұрболат Масанов: «Все упирается в казахский менталитет. Уроды! Их урыть надо – и все! У них нет будущего. Вот те казахи, которые вырвались из мам­бетского, калбит­ского состояния – я, Кажыгельдин, Косанов, габдуллин, другие – мы все, мы вырвались, мы будем нормальными людьми, наши дети и так далее», – дейді. Сана сансыратып, сезім сергелдеңге түсіретін осынау сөздерді оқып отырып авторды ауру деуден заңнан именесің, сау дейін де­сең, Құ­дай­дан қор­қа­сың. Шөре-шөре күй. Күдік, күмән. Мұн­ша­лық­ты өзі­нің ту­ған халқы жайлы жиіркенішті сөздер айтатын Масанов аспаннан салбырап түскен бе? Өзін оқыған, зиялы санайтын адам­ның осы бір сөздерінен кейін жындыханадан шық­қан жан­ның ешқандай ойсыз айтқан сөзінен айналып кететіндей күй кешеді екенсің. Ол ол ма, Нұрболат тағы бірде: «калбиты не могут жить в гражданском обществе. В пример могу привести голодные тридцать первый, тридцать второй годы, когда из 3,8 миллиона казахов погибли 1,8 миллиона, то есть сорок пять процентов населения. А вы знаете, сколько было восстаний? Вот это отребье пыталось себя защитить как-то? Было триста восстаний, в которых участвовали тридцать тысяч человек! Меньше одного процента! ничтожество просто! Мало их мочили, больше их надо было мочить!» – дейді. Осыған қарап-ақ біздің бағымызға келген демократия, сөз бостандығы секілді қасиетті ұғымдардың да дәрі екеніне көз жеткізесің. Ал, дәріні көп ішкен адам не өзі өледі, не өзгені өзінің ауыр халдегі жайы арқылы өлтіреді. Нұр­бо­лат­тың жоғарыда аталған киелі түсініктермен ойнаған ба­ла­лық ауруы со инфантилизм күйінде қалған. Өсу жоқ. Оның бі­лім­дар болып көрінуі сыртқы эффекті ғана. Іштен пісіп жетілмей, сырттан телінген демократия мен сөз бостандығы оны пси­хо­ло­гия­лық дертке ұрындырып қана қоймай, өзгенің ойын да ком­пи­лия­ция­лау­дың шарықтау шыңына дейін көтерген сы­ңай­лы. Кітаби күйретуші күшке ие Масанов секілділер қай ға­сыр­да да болған. Олардың топырақтан қол үзіп, бос кеңістікте ілі­ніп қа­луы – жалпыхалықтық трагедия. Кей-кейде маған масанов камердинер секілді көрінеді. Ал, камердинерде тек, не ар-намыс, тіпті, болмаған жағдайда адалдық та жоқ. Бүгін бір қо­жа­йын­ға қыз­мет етсе, ертең екінші.. үшінші... қожайынға қызмет етіп кете береді. Қарын тоқ болса болғаны. Сол Масанов кезінде Ке­ңес өкіметі арқылы оқып, қазіргі ғылыми атақ-дәрежесіне қол жеткізсе, бүгінде космополиттік бағыттағы батысшылдардың со­йы­лын соғып ұлт-намысын таптауда.
Оны айтасыз, тіпті бір сәттерде аталған мырзаны люмпен бе деп те қаламын. Тапсыз топтың «оқыған» өкілі, ол антагонистік қоғамның типтенген көрінісі. Яғни, өзегіне құрт түскен бір буынды қалыптастыратын қоғам зиянкестері.
Масановтың қоғамдық пікірін былай қойғанда, оның өзі­нің отбасына деген көзқарасы да кезінде «Казахская правда» газеті: «примечательно высказывание Масанова: «Моя жена казашка говорит с калбитским, мамбетским акцентом», – деп жаз­­ған­­дай болса, не жорық? Жалпы, Масанов секілділер Қа­зақ­стан­ның ішкі, сыртқы қарсыластарына таптырмайтын құрал. масановщина етек алған тұста ұрпақ азады. Ал, оны тәрбиелеу бү­­гін­­гі міндеттің бастысы болмай, келер күнге үміт артар жа­йы­мыз жоқ.
Масанов: «Когда я хаю Советский Союз, я другой смысл... Они хают – он не понимают. Быдло! Всего советского – клубов, библиотек, театров – им не по­нять. Выступать в роли клоунов в цирке и баранов пасти – вот их стезя. Калбиты не могут жить в гражданском общест­ве» – дегенде, нені меңзейді. Біз­­дің­­ше, ол өзін бір кездегі орыс философы Чаадаевқа ұқсататын сы­­ңай­­лы. сонысымен Нұрболат мырза ұлт мәселесіне келгенде әлеу­­мет­­тік-саяси космополитизм мен сепаратизмге бой ал­дыр­ған­дар­дан да қауіпті. Масанов «қатты ұнататын» (Ақиқат №3, 1998 ж.) Чаадаев, орыс қоғамына, орыс ортасына, орыс адамына, орыс тарихының өткені, бүгіні, ертеңіне «өлердей өш­пен­ді­лік­пен» қарайтын Чаадаев 1835 жылы А.И. Тургеновке жазған хатында: «Придет день, когда мы станем умственным средоточием европы, как мы уже сейчас являемся ее политическим средоточием... Таков будет логический результат нашего долгого оди­ночества; все великое приходило из пустыни», – деп Отан, ұлт болашағына қандай сенсе, «... нам незачем бежать за другими; нам следует откровенно оценить себя», – дей келе, «Нам не следует попадаться на их невольную хит­рость; постараемся сами открыть наше будущее и не будем спрашивать у других, что нам делать», – дейді. Тіпті, «Апология сумашедшего», – атты еңбегінде: «Я пологаю, что мы пришли после других для того, чтобы де­лать лучше их, чтобы не впадать в их ошибки, в их заблуждения и суеверия», – десе, со Тургеновке жазған ха­тында: «Мы призваны, напротив, обучить Европу безконечному множеству вещей, которых ей не понять без этого», – дейді. Мен мұның бәрін сонша тәптіштеп келтіруімнің сыры чаадаев ресейді өлтіре сынап қана қоймаған, бүкіл жан-дүниесімен бірге құ­лай да сүйген. Ендеше, өзіңнің туған тіліңді, діліңді, дініңді, ұл­­тың­­ның әлеуметтік-моральдық жағдайменен бірге, күнделікті тұр­мыс-тіршілігін, салт-дәстүрін өзгелерден артық білмеген тұс­тан оны ешкімге де сынап-мінеу құқы берілмеген. Енді бірде Нұр­бо­лат қазақты цирктегі «клоун» ретінде көреді. Сөйтіп отырып, өзі со «клоундық» бейнеге айналып кеткенін сезбейді. Ха­лық қашанда тоқтықта да, аштықта да ермек етерлік себеп-салдар іздеген. Әсіресе, XX ғасырдың аяғында ол ерекше етек алды. Жаппай сауаттылыққа жеткен көпшілік бүгінде Масанов се­кіл­ді­лер­дің «жазбаларын» қаншалықты түсініксіз күйде қар­сы алса, соншалықты түршігерлік күйде шығарып салған. Міне, осы тұста Масановқа «Сіз Амантай қажы мен Хасен Қожа ахметке күлмей-ақ қойыңыз» дер едік. Қалай дегенде де олар өз­де­рі­нің бүкіл кемшілік-жетістігімен халық үшін еңбек етіп жүр. Иә, Амантай қажы кей тұстары ерсі іс-шараларға да барар. Бі­рақ, ол Масанов секілді туған халқына ешқандай да сат­қын­дық жасамайды. Хасен Қожа Ахмет туралы да соны айтар едік.
Масановтың соңғы жылдардағы қазақ туралы айтқан сөздері мен ойларын оқып, естігенде есіме еріксіз орыстың «Понос через рот» деген сөзі түседі. Иә, оның ластығы да сонда. Жалпы, шала батысшылдар қай кезеңде де, қай уақытта да табылған. Со секілді космополиттік-либерал бюрократия да ұлт мүддесін ешуақытта да ойламаған. Олар үшін ұлттың түрі, түсі, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, кескін-келбеті бос ұғым. Абстракция.
Егер, Масанов өз ұлтын шын мағы­насында сынағысы келсе, ол алдымен Абай, Чаадаев дәрежесіне көтеріліп алу керек. Ондай болмаған жағдайда қалғанының бәрі бос сөз. Яғни, «саудың тамағын ішіп, жындының ісін істейдіге» келетін жәй. Бір кезде со Чаадаев, яғни, 1831 жылы 17 маусым айында Пушкинге «Будьте здоровы, мой друг. Пишите мне по-русский; вам не следует говорить на ином языке, кроме языка вашего призвания» дей келе, «Вот, наконец, вы – национальный поэт; вы угадали, наконец, свое призвание» деп хат жазса, ал, ұлы ақын оның Ресей туралы кейбір пікіріне қосылмайтынын біл­ді­ріп: «Что же касается нашей историчес­кой ничтожности, то я решительно не могу с вами со­гласиться» деп жазған. Со­ған қарағанда Масановтың Чаа­даев болуы қиын шығар. демократияны демогогияға, сөз бостандығын көк езу даукеспелікке ай­нал­дыр­ған бұл тақылеттес «демократия» терісін жамылған масановщина өкілдері кімді көгерткен дейсіз. Со Чаадаев тағы бірде өмірден өз орнын таппай, қолына «банан» ұстатып қойса, көк­те де өмір сүре беретіндер жайлы: «Есть натуры, лишенные способности утверждать что-либо, которые бояться произности роковое «да», как молодая девушка, брошенная неумолимою волей родителей в объятия ненавистного человека», – дейді. Со­ған қарағанда біздің бүгінгі Масанов туралы әңгімеміздің де бос кеңістікте ілініп қалуы бек мүмкін-ау.
Осының бәрі біздің өзімізді өзіміз ұлт ретінде әлі де болса өз­ге­лер­ге, оның ішінде мәңгүрттерге сыйлатып, мойындата алмай жатқандығымыздың белгісі. Содан соң, олар қазақ жайлы не айтып, не жазбайды. Оларға со масановщина – мәң­гүр­тизм­нің өкіл­де­рі қосылса, мәселе тіпті күрделене түседі. Құ­лақ­қа қат­­қыл­дау тиер, соған қарамай мен біздің конституциялық заңды құ­­қы­мыз­­ды ұлт, жер мәселесіне келгенде толық пайдалана алмай, сөз бос­тан­ды­ғы мен жариялылық терісін жа­мыл­ған­дар­ға ты­­йым сала алмай келе жатқандығымыз жанымды ауыртады. Оған жал­пақ­ше­шей, жалтаңдығымыз кінәлі. Ішімізде тұрған жал­­ған ұят, намыстанбайтын жерде намыстанып, намыстанатын жерде намыстанбай қалатындығымыз да соған саяды.
Алматыдағы кез келген өзін тәуелсіз санайтын телеарналар мен басылымдар со Масанов секілді ұлттық мүддеден алшақ жандар үшін есіктері ашық. Әрине, оларды баспа демейміз, бас, бі­рақ азаматтық, айта берді патриоттық ар-ождан, ішкі мә­де­ниет, сөй­леу этикасы бар емес пе? Сол Масановтың ИТАР-ТАСС тілшісі И.Черепановқа берген сұхбаты мен оны көшіріп бас­қан «караван» газетін оқып отырып, мені қандай ой мең­де­ді де­се­ңіз­ші. айтайын, егер сөз бостандығы, жариялылық, тә­уел­сіз­дік деген сөздерді малданып жазған шы­ғар­ма­ла­ры­ңыз­да «бос­тан­ды­ғы­мыз­дың аузын» ұрып, құдайдың бір аты қасиетті Сөз­ді бұт пен боқ секілді нас сөздермен лас­та­сақ, болмаса масановтай сонау аштық жылдары қы­ры­лып кеткен әруақ­тар­ды қорлап, ұлтымыздың қасіретті ке­зе­ңін­де­гі жағ­дай­ды «Мало их мочили» деп жазатын бол­сақ, онда ма­ған азаматтық ар-ождан, шығармашылық жа­уап­кер­ші­­лік­­ке негізделген Хартия керек. Ол ең бастысы, біз­дің тә­­уел­­сіз­­ді­­гі­міз бен бостандығымызды, Қазақстан халқы мен ұл­ты­мыз­ды Нұр­бо­лат­тай бейпіл ауыздардың шабуылынан қор­ғау­ға тиіс. Оның теледидар, кей газеттердегі бейұлт, эстетика-эти­ка­лық, мәдени-рухани азық алуға қарағанда, ішкі адами әле­мің­ді бұзатын сыртқы жыл­ты­рақ әсіре қызылдан арашалауы тағы қа­жет. Ең бастысы бізді қорғайтын жай, ол – қоғамдағы азаматтық ар-ождан позициясы. Ендеше, қазақ ба­сылымы ма, орыс басылымы ма, қай-қайсымызға болсын ұлт, мемлекет, тәуелсіздік, бос­тан­дық мә­се­ле­сі­не келгенде шын мәніндегі тұтастық қажет. Сонда ғана ма­санов секілділер «саудың тамағын ішіп, жын­ды­ның сөзін сөй­ле­мей­ді». Нұрболат секілділерге жол ашып, тіліне тиек болушылар да өздеріміз – журналистер. Сол журналистер қызмет істейтін басылымдар. Оның төңірегінде Кеңестік кезеңдегідей «аура» жасағанбыз. Ол бар бол­ғаны ақиқаттан қол үзіп, жақсы мен жаманды ажырата алмайтын, ажыратса да олардың себеп-салдарларына философиялық тұрғыдан үңіліп талдай алмайтын, талғам мен таразысын тең ұстаудан кеткен жан ғана. естуімше Масанов мырза қазір «мен ондай сұхбат беріп, жазған жоқ­­пын» дейтін көрінеді. Ол ондай сөзді айтып, жазбасын, бізге бір-ақ нәрсе анық. Оның өмірлік принципі мен позициясы – қа­зақ ұлтын жоққа шығару. Ол оны бұған дейін де жазып, айтып келген.
Егер, қазір мен заң қайда қарап отыр десем, олар «міне, аманхан мырза 37-ші жылды көксеп отыр» деп шыға келер еді. Жоқ, мен 37-ші жылды көксемеймін, бірақ менің тәуелсіздігіме, ел­ді­гі­ме, тұтас ұлттығыма, айта берді, ұлттық менталитетіме кү­дік кел­ті­ру­ші­лер­дің ешқайсысымен де, ешқандайымен де келісе алмаймын. Аталған мәселеге кел­генде ымырашылдық болмауы тиіс. Ол әрбір қазақстандықтың, қазақтың міндеті.
Сонымен, сөз соңында Масанов мырза қазақты әлемдік өр­ке­ниеттен, әлеуметтік-құқықтық, жағынан артта қалған, оның бо­ла­ша­ғы жоқ деуден танбаса, онда оған «аяусыз да сұсты» виссарион Белинскийдің «Каж­дый народ играет в великом семействе человеческого рода свою особую, назначенную ему провидением, роль и вносить в общую сокровищницу... свою долю, свой вклад; каждый народ выражает собой одну какую-либо сторону жизни человечества» деген сөзін ескертіп, ой тү­йін­де­сек дейміз.
Құрметті оқырман, осынау бір мақалада біз орыс ойшылдарынан пікірлер алып, тілге тиек етсек, ол біздің білгіштігімізді, не көп оқығанымызды көрсету емес, тек қана Масанов мыр­за­ға Сіздің алдыңыздағы ұлы адамдар мәңгүрт те, әлеуметтік-саяси қатерлі космополит болмаған дегенді ескерту ғана.

P.S. Бет қатталып жатқанда Н. Ма­санов Ғалымдар үйін­де «Караван» газе­тінде көшіріліп басылған ИТАР-ТАСС агенттігіндегі сұхбатына орай баспасөз конференциясын өт­кіз­ді. Онда ол бұдан біразырақ бұрын тілші И.Че­ре­па­нов­пен әңгімелескенін, бірақ ол кезде аталғандай жайлар туралы әңгіме болмағанын айтты. Соған қарамай, Нұр­бо­лат тағы да қазіргі дау тудырып жатқан мәселелерден бұ­рын «қазақ халқын сынағанын, әлі де сынай беретінін» тіл­ге тиек етті.

«Қазақ әдебиеті».
26 мамыр, 2000 жыл

476 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз