• Ұлттану
  • 18 Тамыз, 2014

Қаңтар-маусым Қазақстан халқы 124 мың адамға артты - Статистика

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан халқы 124 мың адамға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2014 жылдың 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 284,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар - 7 761,8 мың адамды (44,9%). 2014 жылғы қаңтар-маусымда жалпы елімізде халық саны 124,1 мың адамға немесе 0,7 пайызға  өсті, 2013 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 256,3 мың адамға немесе 1,5 пайызға артты», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда,  АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижесінде 2014 жылдың қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 193,3 мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,7 мың адамға немесе 2,5 пайызға артқан.

Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,9 мың адамды құрап, 2013 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 3,5 мың адамға немесе 5 пайызға азайған.

214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз