• Ұлттану
  • 29 Тамыз, 2014

Елбасы Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды - Ә.Жақсыбеков

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды. Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан еліміздің Конституция күніне арналған «Конституция: Тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституция еліміздің Негізгі заңы, мемлекеттің басты құжаты. Ата заңда мемлекеттің қалыптасу бағыттары көрсетілген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары айтылған. Барлық демократиялық нормалар мен әлемдік талаптар қарастырылған. Халықтың өзі қабылдаған бұл Конституция елдің дамуына жол ашты. Елбасы  Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды», - деді ол.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, Ата заңымыздың арқасында елімізде бірлік пен қоғамдық татулық орнады, экономика мен демократия дамыды. Отандастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптасты.

«Ең бастсы Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылды. Сондықтан да Конституция күні еліміздің ең үлкен мерекелерінің бірі саналады», - деді Ә.Жақсыбеков.

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз