• Ұлттану
  • 30 Тамыз, 2014

Біздің Конституциямыз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі - Н.Назарбаев

Қазақстан халқы ел дамуы мен бір­лі­гі­нің, азаматтар құ­қық­та­ры­­ның мүлтіксіз сақталуының кепілі - Конституция кү­нін жан-жақты атап өтуде. Ата Заң 19 жыл ішінде қо­ғам мен биліктің тұ­рақ­тылығын қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат Елбасы құттықтауының мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтауы

 Қымбатты отандастар!

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

19 жыл бұрын осы күні халқы­мыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады.

Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды.

Мемлекет пен қоғамның ор­нық­ты дамуына жол ашқан Конс­титуцияның әлеуеті жоғары эко­номикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді.

Біздің Конституциямыз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады.

Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конститу­ция­сының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды.

Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ын­тымақ, табыс пен құт-береке тілеймін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз