• Ұлттану
  • 09 Қыркүйек, 2014

Елордада аймақтардың ауыл-шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі

Астанада 20 қыркүйектен бастап, демалыс күндері ел аймақтарының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20-21 қыркүйек күндері елордаға Алматы облысының ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілер келеді. Мұнда жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері қаладағы базарларда қалыптасқан бағадан әлдеқайда арзанға сатылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Астанада ұйымдастырылған жәрмеңкеде Алматы облысының өкілдері 400 тоннадан астам өнім ұсынған болатын. Олар тамақ өнімдерінің 24 түрін, атап айтқанда 193 тонна көкөніс, 110 тонна пияз, 50 тоннадан астам алма, 17 тоннаға жуық күріш, 7 тоннадай балық, 3 тонна бал, сондай-ақ  60 тоннадан астам ет және т.б. көптеген өнім түрлерін әкелген болатын.

262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз