• Ұлттану
  • 10 Қыркүйек, 2014

2015 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналым 2 млрд. долларға жетеді - Елбасы

Биыл Қазақстан мен Ираның өзара тауар айналымы бір млрд. АҚШ долларына жетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидің қатысуымен өткен Қазақстан-Иран бизнес-форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Иранмен өзара тауар айналымы соңғы кезде әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты төмендеген болатын. Алайда, биылғы бірінші жартыжылдықта тауар айналымының өсіп келе жатқандығын байқатып отыр. Осы орайда биыл оның көлемі 1 млрд. доллардан асады деп есептеп отырмыз», - деді Елбасы.

Президент Қазақстан мен Иранның географиялық жақындығы, ортақ теңіздік шекаралар, ежелден жалғасып келе жатқан мәдени-гуманитарлық және тарихи байланыстар, сондай-ақ жоғары экономикалық әлеует екі елдің игілігі үшін екіжақты ынтымақтастыққа бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.

Осы орайда Мемлекет басшысы бүгінгі форум екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жаңа сапалы деңгейге шығаратындығына үміт артты.

«Бүгін біз экономиканың, саясаттың және өңірлік қауіпсіздіктің барлық салаларына қатысты проблемаларды көтердік. Сонымен қатар экономикалық ынтымақтастықтың басымдықты бағыттары бойынша мақсаттарды айқындадық. Бұл тұрғыда транзиттік-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, өндірістік, сауда және басқа салалардағы байланыстар талқыланды», - деді Президент.

Биыл Қазақстаннан Парсы шығанағына дейінгі темір жол құрылысы аяқталуға жақындағанына тоқталған Мемлекет басшысы, осыған байланысты алдағы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд. долларға дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Иран арасындағы өзара тауар айналымы 620 млн. долларды құрады.

8 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 30 томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалды
Келесі мақала «Президент пен перзент» атты жаңа кітап жарық көрді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы