• Ұлттану
  • 10 Қыркүйек, 2014

Мәжіліс Үкімет құзыретін нақтылайтын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған құжат ағымдағы жылдың 6 тамызында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген тапсырмаларын орындауға және Президенттің 25 тамыздағы Жарлығын жүзеге асыруға бағытталады.

«Заң жобасында Үкіметтің, министрліктер мен олардың ведомстволарының, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың құзыретін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, Жарлықты іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеудегі Үкімет құзыреті нақтыланады. Министрліктер мен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарға стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша өкілеттіктер беріледі», - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Оның айтуына қарағанда, министрліктер ведомстволарына реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді бекіту функциялары беріледі.

207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз