• Тарих толқынында
  • 08 Ақпан, 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Парламенті, мем¬ле¬кет¬тіліктің ойдағыдай орнығып, нығаюы жолында ел тәуел¬сіз¬-дігінің тарихи маңызын сезіне отырып, конституциялық құндылықтарға, республикамыздың Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. На¬зар¬баевтың халық игілігін көздеген сараб¬дал саясатына адалдық таныта отырып, қазақ елі мемле-кеттілігін құру мен оның негіздерін жетілдіру ісінде қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілікті бөлісе отырып, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырудың конс-ти¬туциялық міндетін негізге ала отырып, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖИЫРМА ЖЫЛ¬ДЫҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН салтанатты түрде қабылдайды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Рес¬публикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдан¬ған¬нан бергі кезең ішінде Қазақстан демо¬кра¬тия¬лық саяси-құқық¬тық жүйесі бар, эко¬но¬ми¬касы тұрақты, халқы¬ның әл-ауқаты жоға¬ры, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.

Этносаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті қамтамасыз етудің өзіндік үл¬гісін іске асыру нәтижесінде және халқы¬мыз¬дың ұлт¬жан¬дылығының арқасында елдің ішкі саяси тұ¬рақтылығы мен қалыпты әлеу¬меттік-экономи¬ка¬лық өсуіне қол жеткізілді.

Халықаралық ынтымақтастықтың жал¬пы¬ға ортақ қағидаттарына адалдық, жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту, ықпал-дас¬тық бай¬ланыстарды тереңдету қадам¬да¬ры еліміздің әлемдік қоғамдастықта жоғары беделге ие болуына септігін тигізді.

Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөнін¬дегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас-шылығымен іске асты.

Республика Президентінің жетекші¬лігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асы-рылды.

Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалау¬шы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.¬Ә.На¬зар¬баев халықты жарқын істерге жұ-мылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халық¬ара¬лық қоғамдас¬тық¬тың риза¬шы¬лығы мен құрме¬ті¬не ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бас¬та¬ма¬лар¬дың авторы ретінде елдің сыртқы саяси ба¬ғытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.

Мемлекет басшысының жан-жақты са¬рବлан¬ған ішкі және сыртқы саясатының ар¬қа¬сын¬да еліміз саяси және әлеуметтік-эко-но¬ми¬калық сілкіністерге ұшырамай, дербес даму¬дың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сы¬нақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.

* * *

Тәуелсіздікке ие болған жиырма жыл ішінде Қазақстан жаңа ғасырдағы бәсекеге қабі¬летті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға жетті.

1995 жылғы 30 тамызда респуб¬ли¬ка¬лық референдумда қабылданған Қазақ¬стан Рес¬публикасының Конституциясы мемлеке¬тіміз¬дің ойдағыдай дамуының құқықтық іргетасы болып табылады.

Ата Заңымызда адамды, оның өмірін, құ¬қық¬тары мен бостандықтарын ең жоғары құн¬ды¬лықтар деп тануға тұғыр болатын мемлекеттік егемендіктің саяси-құқықтық негіздері қа¬лан¬ды, қоғамның материалдық және рухани өмірін жаңғыртудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басты қағидаттар бекітілді.

Қазақстан ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасады.

Конституциялық эволюция мен құ¬қық¬тық жүйені сатылап реформалау нәтиже¬сінде елімізде мемлекеттік биліктің тең-герімді де тиімді жүйесі қалыптастырылды.

Республикада мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот тармақтарына бө¬ліну қағидаты¬на сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетті басқа¬ру¬дағы жүйе түзуші рөлді Президент институты атқарады. Республика Президенті Консти¬ту¬ция¬ның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бас¬та¬машысы және іске асырушысы болып та¬былады.

Қазақстанның дамуы стратегиялық жос¬парлар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асы¬¬рылып келеді, олардың ішінде барлық қа¬зақстан¬дық¬тардың өсіп-өр¬кен¬деуін, қауіпсізді¬гін және әл-ауқатының ар¬туын көздейтін «Қа¬зақ¬стан-2030» пре¬зиденттік стратегиясы бас¬ты орын алады.

Республиканың негізгі бағдарламалық құ¬жат¬тарында және Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында ел да¬муы¬ның алға қойылған мақсаттарына жетуге мүм¬кіндік беретін бағыттар көрініс тапқан.

Қазақстан адам құқықтары саласын¬дағы ха¬лықаралық стандарттарға қол жеткізуге және оларды сақтауға жүйелі әрі дәйекті түр¬де ұмтылып келеді.

Республикада адам мен азаматты қорғау жүй嬬сі қа¬лыптастырылып, тиімді жұмыс істеуде. Олардың ір¬гелі құқықтары мен бостан¬дық¬тарын айқындай¬тын негізгі халықаралық шарттар ратифика¬цияланды.

Конституцияда шығу тегіне, әлеуметтік жағ¬дайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көз¬қара¬сына қарамастан адам және азамат құқықтары¬ның теңдігіне кепілдік берілген.

Мемлекеттің басты қоғамдық байлығы ішкі саяси тұрақтылығы мен халқымыздың бірлігі болып табылады.

Біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз дербес да¬мудың жиырма жылында әлеуметтік және этнос¬тық қақтығыстарға соқтықпай өте алды.

Республикамызда азаматтық қоғам инсти¬тут¬тары мен жергілікті өзін-өзі басқа¬руды дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып, саяси партия¬лар¬дың, қоғамдық бірлестік¬тердің жұмыс істеуі¬нің құқықтық негіздері кезең-кезеңмен жетілдірілуде.

Біздің қоғамда отаншылдық идеоло¬гия¬сы барынша қолдау тауып отыр.

Азаматтарымыз еліміздің жетістіктерін, оның аса бай тарихи дәстүрлерін, көп этнос¬ты хал¬қы¬ның достығы мен бірлігін орынды мақ¬тан етеді.

Қазақстан халқы ассамблеясы елдің көп эт¬нос¬ты халқының мүдделерін білдіре¬тін бірегей институт ретінде танылып отыр, оның қызметі елімізді мекен еткен барлық этностар¬ды азамат¬тық және рухани-мәдени тұтастық не¬гізінде топтас¬ты¬ру¬ға, қазақ-стандық жара¬сым¬дылықты қалыптас¬ты¬ру¬ға бағытталған. Республикада қа¬зақ¬тардың шетелдерден тарихи отанына оралуы үшін жағдай жасалған.

Тәуелсіздік кезеңі қазақ тілінің қайта түлеп, одан әрі дами түсуімен ерекшеленеді. Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын ұйысты¬рудың аса маңызды факторы болып табы¬лады.

Мемлекет елімізді мекендейтін этностар¬дың алуан түрлі мәдениеті мен тілдерінің сақталуы¬на және дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасы серпінді дами түсті, соның нәтижесінде әлем¬дік ша¬руашылық жүйесіне үйлесімді кі¬рігіп, сырт¬қы экономикалық дағдарыс¬тар¬¬дың сал¬дар¬ларына лайықты қарсы тұ¬руға мүмкіндік берген қомақты тұрақ¬ты¬лық қорын жинақ¬тады.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу бағ¬дарламасы ойдағыдай іске асырылды, қар¬жы және банк жүйесі, даму және экономиканы басқару институттары құрылып, тиімді жұмыс істеуде. Тәуелсіздік жылдарында ішкі жалпы өнімнің көлемі ондаған есе артып, жоғары деңгейге жетті.

Кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті жағдайлар жасалып, бизнестің мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттырумен қатар оның мүдделерінің құқықтық тұрғыдан сенімді қорғалуына кепілдік беріліп отыр.

Республикамызда шетелдік күрделі қаржы¬ның едәуір көлемін тартуға және бірлескен экономи¬калық жобаларды іске асыруға ықпал ететін қо¬лайлы инвести¬циялық ахуал қамтама¬сыз етілген.

Елдің көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту, осы заманғы ақпараттық-коммуни¬кациялық тех¬но¬логияларды жер-жерде енгізу жөніндегі жобалар сәтті іске асырылуда. Аграрлық сектор қа¬рыш¬ты қадаммен дамып келеді. Қазақ¬стан энер¬ге¬тика мен азық-түлік бойынша әлем¬дік қауіпсіздікті қамта¬масыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр.

Қазіргі кезде экономиканы әртараптан¬дыру және оны шикізаттық емес, жоғары техноло¬гиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа міндеттер алға қойылды, үдемелі индус¬трия¬лық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қарқын алып келеді.

Тәуелсіздік жылдары елдің әлеуметтік ин¬фра¬құрылымын дамыту мен тұрмыс деңгейін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асы¬рылды.

Қазақстан халықтың әл-ауқаты жағынан жа¬һан¬дық рейтингте әлемнің алғашқы елу мем¬ле¬кетінің қатарына кіріп, дүниежүзінде¬гі тез өсіп келе жатқан экономикалар үштігі¬не еніп отыр.

Экономикадағы тұрақтылықтың арқа¬сында жалақының, зейнетақының, шәкірт¬ақының және мемлекеттік жәрдем¬ақының тұрақты өсуі қам¬та¬ма¬сыз етілуде. Мемле¬кеттік бюджеттің әлеу¬мет¬тік инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спорт сала¬ла¬рындағы көр¬сетілетін қызметтерді дамытуға жұмсалатын шығыс көлемі жыл сайын ұлғай¬тылуда. Жастар саясаты нысаналы түрде жүзеге асырылуда.

Республикамыз жиырма жыл ішінде ұлт¬тық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде айтар¬лық¬тай нәтижелерге қол жеткізді. Елді қор¬ғауға қа¬білетті Қарулы Күштер құрылды, құ¬қық¬тық тәр¬тіп¬ті сақтау және ұлттық қауіп¬сіз¬дікті қамтама¬сыз ету органдары қалыптас¬ты¬рылды.

Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасын заң¬дық тұрғыдан ресімдеу мен межелеу жөніндегі мәселелерді түпкілікті шешті, кең байтақ жерінің шекаралық шеңбері бойында тату көршілік белдеуін қалыптастырды.

Шекарамыздың шегенделуі мемлеке¬тіміздің дұрыс бағыттағы халықаралық саясатының және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.¬Ә.На¬зар¬баев¬тың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің ар¬қасында мүмкін болды. Мұ¬ның өзі тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі болып табылады.

Республикамыз қауіпсіздік пен ынты¬мақ¬тас¬тық жөніндегі жаһандық және өңірлік халық¬ара¬лық ұйымдардың жұмысына белсене қа¬ты¬суда, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен үй¬ле¬сімді стратегиялық әріптестік қарым-қаты¬нас орнатуда.

Қазақстанның бастамасымен Азиядағы өз¬ара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің шақырылуы жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған елеулі үлес болып табылады.

Республиканың көпвекторлы сыртқы сая¬са¬ты өзінің тиімділігін дәлелдеді. Алыс-жақын шет мемлекеттермен, әлемдік қаржы инсти¬тут¬тары¬мен тең құқықтық және өзара тиімді ын¬тымақ¬тастық жолға қойылды. Қазақстанның өңір¬лік және өңіраралық байланыстары терең¬деп келеді. Республика өркениеттер арасын¬да¬ғы келіс¬сөз¬дерге дәне¬кер буын бола отырып, Батыс пен Ислам әлемі арасындағы үнқатысуға игі ықпалын тигізуде.

Осы заманның аса ықпалды халықара¬лық ұйымдарына – Еуропадағы қауіпсіздік және ын¬тымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Ислам ынты¬мақ¬тастығы ұйымына (ИЫҰ) еліміздің төраға¬лық етуі – Қазақстанның жоғары беделінің айғағы.

ЕҚЫҰ саммитінің ұзақ үзілістен кейін өткізілуі – Қазақстанның осы ұйымға төраға¬лы¬ғының айтулы нәтижесі болып табылады.

Форумның қорытындысы бойынша қабыл¬данған Астана декларациясы әлемдік саясатқа «еуразиялық қауіпсіздік» және «Астана рухы» ұғымдарында көрініс тапқан қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа түсінігін енгізді.

Қазақстан әлемдік конфессияаралық үн¬қа¬тысулардың бастамашысы және ұйымдас¬ты¬ру¬шысы ретінде танылды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидер¬лері¬нің съездері елдер мен өркениет¬тер арасында¬ғы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығай¬тудың маңызды буынына айналып отыр.

Тәуелсіз Қазақстан ядролық қаруға қар¬сы жа¬һандық қозғалыстың көшбасшылары қата¬рына енді.

Елбасының бастамасымен дүниежү¬зіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды. Қазақстан әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды.

Мемлекетіміз ядролық қаруды таратпау тәр¬тібін мүлтіксіз сақтай отырып, жер жүзінде жаппай қырып-жоятын қаруға жалпыға бірдей тыйым салу, бейбіт атомды қауіпсіз пайдалану, халық¬ара¬лық ядролық терроризм қатеріне жол бермеу жө-ніндегі жаһандық бас¬тамаларды ұсынып келеді.

Президентіміздің кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте ықпалдасудың қажеттігін негіздейтін еуразиялық идеясы өзінің тарихи тұрғыдан дұрыстығын дәлелдеп берді.

Кейіннен Біртұтас экономикалық кеңістікке ұласатын Кеден одағының құрылуы бәсекеге қа¬бі¬летті экономиканы қалыптастыру жөнін¬дегі мін¬деттерді неғұр¬лым тиімді шешуге септігін тигізуде.

Республикамыз Орталық Азиядағы ықпал¬дасу үдерістерінің алғы шебінде тұр, өңірдегі елдерге экономикалық және са¬яси жәрдем көрсетіп келеді, сонымен қатар, жалпыөңірлік мүдделерді қолдау ісінде өзінің халықаралық ұйымдардағы ықпалын белсенді түрде пайдалануда.

Қазақстанның жаңа бас қаласының орасан зор құрылысы – ауқымы мен батылдығы жағы¬нан Республикамыздың Тұңғыш Президентінің теңдесі жоқ ғаламат жобасы.

Жылдан-жылға көркейіп, қарқынды да¬мып келе жатқан Астана Тәуелсіз Қазақ¬стан¬ның мақтанышы болып табылады.

Еуразияның жүрегіндегі жаңа шаһар Қазақ¬стан¬ның жарқын да баянды болашағын айшық¬тай¬ды. Астана – барша халқымызды Қазақстанның көк байрағы астына біріктіріп, оның өз бойындағы жа¬сампаздық әлеуетіне деген сенімін арттыра түс¬кен ұлттық идеяның жүзеге асуының нақты көрінісі.

* * *

Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылы Қазақ елінің өсіп-өркендеуі мен игілігі жолында за¬ма¬нымыздың аса көрнекті мемлекет қай¬рат¬кері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылы¬ғы ¬¬мен қазақстандықтардың ерен еңбегінің ар¬қасында республиканың қол жеткізген то¬ла¬ғай табыстарын бүкіл әлемге паш етіп отыр.

Елдің қазіргі жетістіктері – болашақ ұр¬пақ¬қа арналған мұра, ХХІ ғасырда Қазақстанның тұғырлы, бақуатты, бейбіт ел ретінде серпінді дамуының берік негізі.

Астана, 2011 жылғы 10 желтоқсан.

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз