• Ұлттану
  • 11 Қыркүйек, 2014

Маңғышлақ - Бейнеу жолаушылар пойызы күнде қатынайтын болды

11 қыркүйектен бастап, №657/658 Маңғышлақ-Бейнеу жолаушылар пойызы күнделікті қатынауға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қозғалыс кестесі: Маңғышлақ станциясынан 23 сағат 10 минутта (Астана уақыты бойынша) жолға шығады, Бейнеу станциясына 8 сағат 25 минутта (Астана уақыты бойынша) келеді, жолда болу уақыты 9 сағат 15 минутты құрайды. Кері қарай жол жүруі Бейнеу станциясынан 23 сағат 10 минутта (Астана уақыты бойынша), Маңғышлақ станциясына 8 сағат 40 минутта келеді (Астана уақыты бойынша), жол үстінде болу уақыты 9 сағат 30 минутты құрайды.

Купелі вагонында Маңғышлақ станциясынан Бейнеу станциясына дейін жол жүру құны 2 569 теңгені, плацкарт вагонында - 1 679 теңгені, жалпы вагонында - 970 теңгені құрайды.

Құрамның схемасы 6 вагон: 2 купелі, 3 плацкарт, 1 жалпы.

250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз