• Ұлттану
  • 11 Қыркүйек, 2014

Пара алған шенеунік те, пара берген кәсіпкер де сотталды - ОҚО

ОҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық жасағаны үшін 35 жастағы азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотта анықталғандай мемлекеттік қызметші, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқара отырып, екі кәсіпкерге: «мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз етіп танимын» деп алаяқтық жасаған.

ОҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, сот ҚР Қылмыстық кодексінің 72-бабын қолданып, тағайындалған жазаны орындауды кейінге қалдырды», делінген хабарламада.

Ал, бір кәсіпкер мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамға пара бергені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 63-бабы бойынша, 1 жылға шартты мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз