• Ұлттану
  • 08 Ақпан, 2012

«Ақиқат» – ең үздік қоғамдық-саяси басылым

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі өткен жылдың басында «Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпқа арналған журналистер мен фототілшілер арасындағы шығармашылық байқау жариялаған болатын. Оған еліміздің барлық БАҚ-ы мен жекелеген журналистері және фототілшілер қатысып, Қазақстанның саяси тұрақтылығын, экономикалық табыстарға жетуін, елдің әл-ауқатының айтарлықтай жақсаруын жан-жақты насихаттауда жыл бойы нәтижелі жұмыстар жүргізді. Жыл соңында осы байқаудың қорытындысы шығарылып, Астанадағы ........ қонақ үйінде жеңімпаздарды марапаттау шаралары өтті.

Аталған іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, журналистика саласындағы профессор-ғалымдар, министрліктердің жауапты мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтың құттықтау хатын министрліктің жауапты хатшысы Қайрат Әбсаттаров оқып берді.

Осы байқауға қатысып, саяси мақалаларды үзбей жариялап тұрған «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» аталымы бойынша жеңімпаз атанып, Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ біздің журналда жарияланған – «Тәуелсіздік және демократия» мақаласы үшін белгілі ғалым, профессор Әбдеш Қалмырзаев «Еліміздегі саяси жаңартулар бойынша үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл жүлде бізге бекерден бекер берілген жоқ. Журнал өз оқырмандарына қоғамдық-саяси, экономикалық өмірі-міздегі ең өзекжарды мәселелерді саралап, талдап, байыптап жеткізіп отыр. Сонымен бірге о нда ойы ұшқыр, қаламы жүйрік оқырмандарымыздыңқолтаңбасы бар. Олай болса бұл бізге үлкен міндет жүктейді. Сол мін¬дет биігінен көрінуді журнал ұжымы өзде¬рі¬нің зор парызы санайды. Олай болса жүлделеріңіз құтты болсын, оқырман!

382 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз