• Ұлттану
  • 13 Қыркүйек, 2014

Н. Назарбаев пен В. Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды    Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығына да назар аударды.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары 26 тамызда Минскіде өткен Кеден одағы елдерінің, Украинаның басшылары мен Еуропалық одақ өкілдерінің кездесуі кезінде жасалған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

 

210 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз