• Ұлттану
  • 14 Қыркүйек, 2014

Алматыда оралман және шетелдегі қазақ жастарының сурет көрмесі өтеді

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті 2014 жылдың қазан айында Алматы қаласында шетелдерде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты сурет көрмесін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның мақсаты - шетелдегі талантты қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудар және олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Бейнелеу өнерінде шығармашылықпен шыңдалып жүрген шетелдердегі қандастарымыз бен оралман қазақ жастарының туындыларын көпшілікке танытуды көздеген көрмеге 20-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Көрме жеңімпаздары лауреаттық дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан.

 

 

258 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз