• Ұлттану
  • 15 Қыркүйек, 2014

«Дубай-Алматы» алғашқы рейсінің құрметті қонағы Дубай мэрі болды

ҚазАқпарат - Ертең Дубай қаласынан Алматыға «Fly Dubai» (БАӘ) әмірлік әуе компаниясының бірінші рейсі ұшады. Бортқа құрметті қонақ ретінде Дубай мэрі Хусейн Нассер Лута шақырылды, ол Қазақстанның оңтүстік астанасына келіп, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен келіссөз жүргізеді.

Қазақстанға әмірлік делегациясының сапары қарсаңында Дубайда мэр Хусейн Нассер Лутаның БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифпен, Дубай қ. ҚР бас консулы Асқар Шоқыбаевпен кездесуі өтті.

Қайрат Лама Шариф кездесу барысында Дубай мэрінің алғашқы сапары қазақстандық-әмірлік қатынастардарды дамытуда аса маңызды екенін, ал Алматы мен Дубай - екі өңірлік қаржы орталықтары арасындағы тікелей қатынасты жаңарту - саяси, іскерлік байланыстар мен туризмді жан-жақты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Қазақстандық дипломаттың пікірінше, Қазақстанның араб елдерімен байланысын дамытуына Астанада 2017 жылы өтетін кейіннен 2020 жылы Дубай өзіне қабылдауға ниетті ЭКСПО халықаралық көрмесі өз үлесін қоспақ.

Хусейн Нассер Лута әмірлік үкіметі «ЭКСПО-2020» ұйымдастыруға ерекше көңіл бөліп жатқандығын атап өтті және Қазақстандағы БАӘ павильоны барынша көрнекі болатынын айтты.
Дубай мэрі ҚазАқпаратқа берген эксклюзивті сұхбатында Алматының көріктілігі мен экономикалық әлеуеті жайында көп естігенін, осыған орай қалаға келуді тағатсыздана күтіп отырғанын  айтты. Х. Лутаның айтуынша екі ел арасындағы қатынас соңғы жылдары шынымен стратегиялық сипатқа ие болды, ал Қазақстан БАӘ-де Орталық Азиядағы танылған көшбасшы ел ретінде қаралады. Қазақстандық-әмірлік байланыстардың нығаюына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БАӘ басшысы шейх Халифа бин Зайед Аль Нахайянның жеке қатынастарының маңызы зор.

Бұдан басқа, Дубай мэрі алда болатын сапар барысында Алматының инфрақұрылымдық жобаларын зерделеуге мүдделі екенін айтып өтті. Ол Қазақстанда инвестициялық жобаларды дамытуға Дубайдың әзір екенін, тұтастай, Қазақстанмен әмірліктің байланыстарын кеңейтуге мүдделлілігін жеткізді.

Сондай-ақ әмірлік мегаполис басшысы Алматы мен Дубай арасындағы авиақатынас жаңарғанын жоғары бағалады. «Алматы мен Дубайда ортақ нәрсе көп, ол - дамыған  инфрақұрылыммен ірі экономикалық орталық.

Қазақстандық әріптестерімізбен бөлісетініміз аз емес,  әуе көлігінің арқасында біздің қала тұрғындары бір-біріне жақындай түскеніне қуаныштымын» - деді Х. Лута.

247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз