• Ұлттану
  • 16 Қыркүйек, 2014

2015 жылы республикалық бюджет түсімі 103 млрд теңгеге ұлғаяды

2015 жылы  республикалық бюджеттің болжанған түсімдері 103 миллиард теңгеге ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет 

туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылы болжанған республикалық бюджет түсімдері 6 триллион  309 миллиард теңгені құрайды. Бұл ағымдағы жылдың нақтыланған болжамына қарағанда 103 миллиард теңгеге артық. Соның ішінде, трансферт түсімдерін есепке алмағандағы кірістер 4 триллион 338 миллиард теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2014 жылдың нақтыланған деңгейінен 23 миллиард теңгеге төмен», - дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда, кірістер деңгейінің төмендеуі негізінен сыртқы сауда көлемінің азаюына және мұнай өндіру көлемінің қысқаруына қатысты болмақ.

Тоқтала кететін жайт, республикалық бюджеттің түсімі 2016 жылы - 6 триллион 738 миллиард теңге, ал 2017 жылы - 7 триллион 127 миллиард теңге шамасында болжанып отыр.

 

240 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз