• Ұлттану
  • 16 Қыркүйек, 2014

Қазақстан ТМД елдері ішінде айлық табыс көлемі бойынша 2-орында тұр

ҚазАқпарат - ТМД елдері ішінде номиналды орташа айлығы ең төмені Тәжікстан болып қалып отыр. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» хабарлады.

Басылым мұны ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті дайындаған «2014 жылғы маусым айындағы айлық жалақы төлеудің әлеуметтік-демографиялық статистикасының негізгі көрсеткіштері» атты есепке сүйене отырып баяндады. Онда биылғы жылғы маусым айында Тәжікстандағы орташа жалақының 918 сомониді (шамамен $180) құрағаны атап көрсетілген. Биылғы жылдың басымен салыстырғанда, Тәжікстанда орташа жалақы 104 сомониге ($20-дан сәл көп) өскен.

Достастық статистика комитеті сонымен бірге қалған мемлекеттердегі деңгейдің қандай екенін жайып салады. Осы дерек бойынша, айлық жалақының көптігі жөнінен Ресей Федерациясы топ бастап келеді. Ондағы орташа айлық $900 шамасында. Екінші орында - Қазақстан. Онда орташа айлық $690-ды құрайды. Үшінші орыннан $590 көрсеткішімен Беларусь көрініп тұр.

Бұдан арғы орындарға мына республикалар осы реттерімен жайғасқан: Әзербайжан ($568), Армения ($408), Молдова ($294), Украина ($277), Қырғызстан ($236). Ал Түркіменстан мен Өзбекстан өз деректерін бермей қойған.

 

222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз