• Ұлттану
  • 18 Қыркүйек, 2014

Ресей Қазақстан көмірін тұтыну көлемін күрт төмендетуі мүмкін - «Kazenergy»

 

Көмір өндіру көлемі жылына 155 млн. тоннаға дейін жетеді. Бұл туралы бүгін Астанада «Ұлттық баяндама 2013» таныстырылымында «Kazenergy» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көмір өндіру саласына тоқталатын болсақ, елімізде отынның бұл түрінің үлкен қоры бар, яғни әлеуетті ресурстар 150 млрд. тонна, ал баланстық қор 33,6 млрд. тоннаны қамтып отыр. Болжам бойынша алдағы уақытта көмір өндіру көлемі артады. Атап айтқанда 2011 жылдағы 110 млн. тоннадан 155 млн. тоннаға (2030 жыл) дейін өседі», - деді ол.

Ә. Мағауовтың пайымынша, экологиялық талаптардың күшеюіне байланысты көмір стансаларын қадағалау арта түспек.

«Көмір өндіру саласында Ресей тарапынан үлкен тәукелді көріп отырмыз, себебі, РФ-да көмір стансаларын Қазақстанның көмірін пайдаланудан Кузбасс көміріне ауыстыру бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама асырылып жатқандықтан бізде өндірілетін көмірді өткізудің жаңа нарықтарын қалыптастыруды жайында ойлануымыз керек», - деді ол.

 

9 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қ. Тоқаев пен Ш. Сони ҚР Президентінің ОАР-ға алда болатын сапары жайлы пікір алмасты
Келесі мақала Қарағандыда «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпазы жарты миллион теңгеге ие болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы