• Ұлттану
  • 21 Қыркүйек, 2014

Президентпен кездесу қайталанбас әсер қалдырды - СҚО-лық Мұхаметовтер отбасы

Петропавлдың теміржол вокзалынан солтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде СҚО атынан «Мерейлі отбасы» конкурсының қатысушылары Мұхаметовтер отбасын қарсы алды.

Астанада өткен конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ағайынды Руслан мен Салах Мұхаметовтер, олардың жұбайлары, балалары мен келіндері барып қайтты. Олар Елбасының осындай тосын сыйы - отандық «Нива» автокөлігі үшін шексіз алғыс білдіріп отыр. Полицей әулеті бәрінен бұрын Елбасымен болған кездесуден алған әсерлерінің ерекше болғандарын айтып өтті.

«Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен өз әкемізбен сөйлескендей тілдестік. Ол біздің еліміздің әкесі десек те артық емес. Соның арқасында тіршілік жақсарып келеді. Қайталанбас әсер алдық. Астана - есімізден кетпейтін шаһар», - дейді Руслан Мұхаметов..

«Біздің Елбасы ұлы адам. Оның біздің әулетімізді елеп-ескергені - біз үшін тағдырдың сыйы. Мен біздің мемлекет оның басқаруында дамыған 30 елдің қатарына кіретініне сенемін», - деп қосты Салах Мұхаметов.

Айта кетейік, Мұхаметовтер әулеті ғасырдан астам уақыттан бері қылмыстық іздестіру саласында қызмет етіп келеді.

Хабалайды ҚазАқпарат.

201 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз