• Ұлттану
  • 22 Қыркүйек, 2014

Кәсіпкерге мөрдің еш қажеті жоқ - Б.Сағынтаев

Кәсіпкерге мөрдің еш қажеті жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. «Мемлекеттік органдар құжаттарға елтаңбалық мөр басады, бұл түсінікті. Бірақ, бизнеске мөрдің қажеті қанша? Оның фирмалық бланкі бар, өз хатын жазып, штамп қояды. Бұл біздің Заңымызда жазылған артық талап. Ешқандай мөр қажет емес», - деді ол. Сонымен қатар бірінші вице-премьер бизнестің жарғылық капиталын 100 теңге көлемінде айқындау да артық жайт екендігін атап өтті. «Бізде бизнес үшін ең төменгі жарғылық капитал 100 теңге болатын. Бұл мазақ қой. Бүгінде 100 теңгеге не сатып алуға болады? Сондықтан да біз бүгінде 100 теңге деп жазғаннан гөрі одан да пайдасыз бұл норманы алып тастау қажет деп санаймыз», - деді Б.Сағынтаев.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз