• Ұлттану
  • 23 Қыркүйек, 2014

Алматыда қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны 12 есе өскен

Алматыда қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны 12 есеге артқан. Бұл туралы қала басшысы Ахметжан Есімов «Ана тілім - ардағым» фестивалі барысында айтты.

«Қазір өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрену мақсатында балаларын қазақ тіліндегі балабақшаларға, мектептерге берушілердің қатары көбейіп келеді. Қаламызда 201 мемлекеттік мектеп бар. Олардың 62-сі қазақ тіліндегі мектеп болса, 68-і аралас мектеп. 1989 жылы Алматыда 7-ақ қазақ мектебі болса, қазір олардың саны 62-ге жетті. Тәуелсіздік алған жылдары 8 мың бала қазақша оқитын. Олардың саны 12 есеге артып, қазір Алматы мектептерінде 90 мыңнан астам бала қазақ тілінде оқиды»,- деді А.Есімов.

Әкімнің баяндауынша, бұрын қазақ тілінде оқыту ЖОО-да тек педагогикалық мамандықтарға ғана тән болатын. Қазір барлық мамандықтар бойынша қазақша топтар ашылған.

«1989 жылы қазақ тілінде оқитын студенттердің үлесі 4 пайыз болса, қазір 51 пайызға жетті. Тіл мәселесін балабақшадан бастау да өз нәтижесін бере бастады. Алматылық бүлдіршіндердің 70 пайызы қазақ балабақшасына барып жүр. 7 мыңнан астам өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ балабақшаларына беріп келеді», - деп қорытындылады қала  басшысы.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

3 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ҚР ҰКП кәсіпкерлердің қолын байлап отырған мәселелерді талқыламақ - Қарағанды облысы
Келесі мақала Елбасының Ұлы­таудағы айтқан қадау-қадау мәсе­лелері көкейімізден шықты - еңбек ардагері И. Ағытай

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы