• Ұлттану
  • 27 Қыркүйек, 2014

Оралда «Шабыт» фестиваліне баратындар белгілі болды

 

Орал қаласында «Дала дарындары» жастар шығармашылығы фестивалі мәреге жетті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығынан түскен мәліметке қарағанда, биыл аталмыш өнер додасы бейнелеу (сәндік қолданбалы өнер), халық музыкасы (домбыра - күй жанры, домбырамен ән салу), вокалдық топтар (дуэт, трио, квартет, квинтет), хореография (ұлттық би) бойынша өткізілді. Фестивальге оқу орындары мен облыс аудандарынан 80-ге жуық үміткер қатысты.

Байқау қорытындысында халық музыкасынан (дәстүрлі ән) Зинат Қасымова, күйден  Жасұлан Зинеденов, бейнелеу жанрынан Самат Рахим (бәрі де Оралдан) жеңімпаз атанып, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне берілетін жолдаманы иеленді. Вокалдық топтар арасынан «Аққұм» квартеті (Шыңғырлау ауданы) дараланды.

Айта кетейік, халықаралық XVII «Шабыт» фестивалі Астанада 3-8 қараша аралығында өтеді.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз