• Ұлттану
  • 07 Қазан, 2014

БИЫЛ 50 ҚЫЗМЕТ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАҒА КӨШІРІЛЕДІ

Биыл 50 қызмет мобильді қосымшаға көшіріледі. Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Global e-Government Forum-2014 форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат  орталығы.

«Ағымдағы жылы «мобильді үкімет» аясында 50 қызмет мобильді қосымшаға көшірілетін болады. Сонымен қатар, 500 мың абонент қосылады. Бұл қызметтердің барлығы да Қазақстан Республикасы халқы арасында сұранысқа ие», — деді министр.

Мәселен, оның атап өтуінше, халық арасында зор сұранысқа ие қызметтердің бірі — дүниеге жаңа келген сәбиді тіркеу. Егер бұған дейін сәбиді тіркеу үшін медициналық анықтамамен АХАТ-қа не болмаса ХҚКӨ-ға барып, 30 тәулік күту қажет болатын.

«Ендігі уақытта еш құжатсыз дүниеге жаңа келген сәбиді 2 күннің ішінде тіркеуге болады. Сонымен қатар электронды түрде 7 күннің ішінде жәрдемақы алып, 1 күннің ішінде баланы балабақша кезегіне қоюға болады», — деді Ә.Исекешев.

234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз