• Ұлттану
  • 07 Қазан, 2014

Алматыда II халықаралық «Almaty Invest 2014» инвестициялық форумы өтеді

Алматыда 2014 жылдың 17 қазанында «Интерконтиненталь» қонақ үйінде II халықаралық «Almaty Invest 2014» инвестициялық форумы өтеді,-деп хабарлайды   ҚазАқпарат. 

«Almaty Invest» форумының жұмысына Үкімет пен Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, бизнес-құрылымдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.

Форум барысында Алматы қаласының қаржы орталығы ретіндегі даму стратегиясы талқыланады, қалалық құрылымдардың өкілдері мен инвесторлар инвестицияға қатысты кедергілер мен мүмкіндіктерді және сұранысқа ие жобаларды қарайды. Сонымен қатар, конференция барысында «жасыл экономика» стандарттарын ендіру мәселелері сөз болады. Сондай-ақ, форум барысында инновациялық стартап-жобалар көрмесі өтеді.

Айта кетелік, «Almaty Invest» форумы - бизнес пен биліктің ашық диалогы. Алматы қаласының дамуына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға арналған бірегей алаң. 

204 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз