• Ұлттану
  • 13 Қазан, 2014

Үздік педагог 2014» республикалық конкурсында жеңіске жеткен ақтөбелік мұғалімдер бағалы сыйлықтармен марапатталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық білім басқармасында «Үздік педагог 2014» байқауында жеңіске жетіп, 1,8 млн. теңгенің грант иегерлері атанған 4 мұғалімге құрмет көрсетілді. Ерекшеленген ұстаздарды жеңістерімен білім басқармасының жетекшісі Жанат Самұратова құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақсы ұстаздарды әрқашан олардың істеріне қарап байқауға болады. Біздің мұғалімдер алдағы уақытта да технологиялар мен инновациялардың басында жүріп, келесі жылы осы байқауда ерекшеленеді деп сенемін», - деді ол. Ж.Самұратованың айтуынша, жыл сайын ақтөбелік педагогтар аталған байқаудың жеңімпаздары атанады. Биылғы жылы «Үздік педагог» деген атаққа 15 мұғалім ие болды.

Өз мектептері мен колледж басшылығының атынан  шақырылған педагогтар бағалы сыйлықтар алды, ал қалалық білім бөлімінің жетекшісі Ләззат Оразбаева қалалық екі мұғалім Гүлсім Сүйіншәлива мен Тоты Бисембаеваны жолдамалармен марапаттады.

Аталған байқауда Ақтөбе облысының атынан №32 орта мектептің мұғалімі Гүлсім Сүйіншәлиева, № 21 мектептен Тоты Бисембаева, Темір ауданының №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұрлан Жақыбаев пен политехникалық колледжден Нұргүл Маханова жеңімпаздар деп танылды.

 1

253 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз