• Ұлттану
  • 14 Қазан, 2014

Астанада «Рухани келісім күніне» орай халықаралық конференция өтеді

17-18 қазан күндері Астана қаласында халықаралық «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияны Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы және Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 қазан күні Бейбітшілік және Келісім сарайында халықаралық «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» конференциясы, ал 18 қазанда Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына дайындық жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтеді және қорытынды құжаттар қабылданады. 

Сонымен қатар, конференция қатысушыларына арнап, «Астана Опера» театрында Рухани Келісім Күніне арналған концерт өтеді. Шараға Аргентина, Австрия, Германия, Грузия, Ливан, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Швейцария сынды елдердің өкілдері қатысады. 

194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз