• Ұлттану
  • 17 Қазан, 2014

«Азия-Еуропа» форумының 10-саммиті

Қазақстан ұсынған «G-GLOBAL» бастамасы экономика және қаржы саласындағы халықаралық әрекеттерді үйлестірудің платформасына айналуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Миландағы «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы «Қаржылық және экономикалық ынтымақтастықты Еуропа мен Азияның кеңейіп келе жатқан өзара байланыстары арқылы дамыту» тақырыбына арналған пленарлық сессияда сөз сөйледі.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта Азия мен Еуропаға бір-бірін қайта тани түсу, өзара ықпалдастықтың мүлде жаңа негізін қалау қажет болып отырғанын, экономика және қаржы саласындағы халықаралық әрекеттерді үйлестірудің платформасына Қазақстан ұсынған «G-GLOBAL» бастамасы айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Соңында ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан «Азия-Еуропа» форумының толыққанды мүшесі ретінде диалог пен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз