- Ұлттану
- 18 Қазан, 2014
Н.Назарбаев Италия Премьер-Министрімен екі ел ынтымақтас- тығының негізгі аспектілерін талқылады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының негізгі жайттары талқыланды. Сондай-ақ Маттео Ренцидің Қазақстанға сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасты.
Xабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
254 рет
көрсетілді0
пікір