• Ұлттану
  • 18 Қазан, 2014

Алматының ғылыми кітапханасы сандық форматқа көшірілуде

Алматының ғылыми кітапханасы қорда сақталған оқулықтарды сандық форматқа көшіруді жалғастыруда. Мамандар, алдағы уақытта өткен ғасырдың 20-шы жылдарында басылған газет-журналдарды электрондық нұсқаға ауыстырмақ. 

25 жыл ұстаздық етіп келе жатқан Гүлжамал Кенжалиева - бастауыш сыныптың мұғалімі. Ол «Ғылым Ордасының» ғылыми кітапханасына оқушыларын әкеліп, «Зерде» ғылыми іздену жұмыстарын өткізуде. Айтуынша, бұрын абономент бөлімінен қажетті кітаптар мен журналдарды карточкалар арқылы іздеп отыратынбыз. Ал қазір кітапхана рессурстары сандық форматқа көшкелі бері керекті кітаптарды тез табуға мүмкін болды.

80 жылдық тарихы бар шаһарымыздың рухани ордасы - ғылыми кітапхана 90 жылдардың ортасында оқулықтарды сандық форматқа көшіру жұмыстарын бастаған еді. Алғаш рет мұндай тәсілге өту тәжірибесін Мысырдағы Александрийский кітапханасынан көріп, қолға алған. Бастапқыда мамандар кітаптардың электронды нұсқасын жасау үшін сандық фотоаппараттан бастапты. Бұл игі істердің барлығы кітапхана қорын оқырмандарға жеткізу мақсатында іске асырылып отыр.

Қазіргі кезде Еуропадан табылған ұлы ғұлама әл-Фарабидің он дана трактатының қолжазбалары СД-дискіге түсірілген. Ол Елбасы жүктеген «Халық -тарих толқынында» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жалпы қаламыздағы сирек кездесетін құнды кітаптардың 800-ге жуығының электронды нұсқасы жасалған.

106 бетті құнды жәдігердің 55 беті суреттен тұрады. Бұл кітапта рессей патшасының инногурациясына қазақтың үш бірдей сұлтаны қатысқан. Өкініштісі, мұндай үлкен көлемді сирек кітаптарды бүгінгі таңда сандық форматқа түсіру мүмкіндігі болмай отыр. Ал жалпы кітаптарды, қолжазбаларды сандық форматқа түсіру жұмыстары сканер арқылы жүргізіледі. Мұндағы мамандар бір күнде мың жарым бетке жуық бетті сканерден өткізіп, тазалап, кесіп дайындайды.

Қазіргі кезде ғылыми кітапханада сандық форматқа 720 сирек қор, 800 қолжазбалар көшірілген. Алдағы уақытта 1927 жылдан бері сақталып келе жатқан газет материалдарының электронды нұсқасын дайындау жоспарлануда.

Хабарлайды baq.kz сайты.

 

257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз