• Ұлттану
  • 26 Қазан, 2014

Астана мен Мәскеу арасындағы уақыт айырмасы 1 сағатқа ұзарды

Бүгінге қараған түні Астана мен Мәскеу арасы 1 сағатқа ұзарды.

  Өйткені 02:00-ден бастап Ресейде сағат тілі 1 сағатқа кейінге шегерілді. Осылайша Астана мен Мәскеу арасындағы уақыт айырмасы енді 3 сағат болмақ. Көрші елде мұндай шара соңғы рет 2011 жылы жүргізілген болатын. Содан бері Ресейде қысқы немесе жазғы уақытқа көшу мәселесі қоғамда өткір талқыланып келеді. Ғалымдар уақыттың ауысуы адам денсаулығына әсер ететiнін айтса, шенеуніктер бұл өзгерісті электр қуатын үнемдеу үшін жасауға тура келеді деп ақталған еді. Дегенмен, Ресей елі енді уақыт ауыстырудан біржола бас тартамыз деп отыр.

baq.kz

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз