• Ұлттану
  • 29 Қазан, 2014

Атыраулық жас мамандар баспаналы болды

Атырау облысының Махамбет ауданында жас мамандарға арнап салынған 10 тұрғын үй қолданысқа берілді. 

80 шаршы метрлік тұрғын үйлерге ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мен дәрігерлер ие болды. Бұл - аудан аумағында еңбек ететін жас мамандар үшін жасалып жатқан игі істің бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында ауданда 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынып, қоныс тойын тойлайтын жас мамандардың қатары тағы да артатын болады.

Әйгерім Жеңіс, мұғалім
- Осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оқуды бітіргелі жатқанда еңбек жәрмеңкесі болған. Сол кезде бізді бөлді. Өзім басқа ауданнан келдім. Қыркүйектің соңы мен қазан айының басында үй бөлінді деген хабар келді. Өзім қатты қуаныштымын осындай жаңа пәтер алып жатқаныма.

baq.kz

264 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз