• Ұлттану
  • 03 Қараша, 2014

Сәулетші Қазақстанды төрт облысқа бөлуді ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі Қазақстанды территориясын төрт облысқа бөлуді ұсынды — Батыс, Оңтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан. Шенеунік өз кестелері мен есептерін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберді, деп жазады «Мегаполис» газетіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Идея авторының ойынша, бірнеше облыстды біріктіру арқылы аумақтарды үлкейту елдің тұтастығын сақтауға, өңірлерді халық саны бойынша тең етіп, шенеунік аппаратын азайтуға мүмкіндік береді.

«Бір облыс — 500 мың халық, екіншісінде — 2,7 миллион. Ал қаржыландыру бірдей, департаменттер бірдей, шенеуніктер саны бірдей. Басқару құқығы аумаққа емес, «бірлік/адам» көрсеткішіне бағытталуы керек. Егер облыстарды өңірлерге біріктірсек, онда әрқайсында шамамен 3,5 миллион адам тұратын болады», — дейді республиканың еңбегі сіңірген сәулетшісі.

Президент Әкімшілігінде сәулетшінің көтерген бастамасы жайлы әзірше пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, қазір Қазақстан 14 әкімшілік облысқа, 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінген — Астана, Алматы және Байқоңыр.

businessnews.kz

285 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз