• Ұлттану
  • 07 Қараша, 2014

СҚО әкімі Петропавлдың жол және коммуналдық қызметтерінің автопаркін тексерді

 Петропавлда жол және коммуналдық қызметтер автопаркі тексерілді. Қысқы кезеңде облыс орталығы көшелерін жинауға 5 кәсіпорыннан 200-ге жуық техника жұмылдырылады.

Коммуналдық қызметкерлер техникасын тексеруге облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Қысқы кезеңде облыс орталығы көшелерін жинауға 5 кәсіпорыннан 200-ге жуық техника қатысады. 50 текше құм-тұзды қоспа сатып алынды. Бұл өткен жылғыдан 60 пайызға көп. Жалпы жинау жұмыстарына 155 арнайы техника тартылмақ. Олардың ішінде - 16-сы жаңа машиналар. Әр  ұйымға бір-бір көшеден бекітілген.

  Техника барысын тексеруге әкім қатысты.

 «Қала екі бөлікке бөлінген. Бірінші кезекте - магистральдық көшелер, олардың саны - 35. Бұл негізгі бағыттар. Оларды сағат кешкі 11-ден түнгі 3-ке дейін тазалайды. Бұл көшелер шамамен 1 млн. шаршы метрді құрайды. Екінші бөлігі - тұйық көшелер мен шеткері аймақтар. Олар шамамен 2 млн. шаршы метр», - деп хабарлады Петропавл қаласы ТКШ  бөлімінің басшысы Жанабек Тұрсынов.

Қалың қар басқан кезде жол және коммуналдық қызметтер тәулігіне 5 млн. текше метр қарды сыртқа шығара алады

ҚазАқпарат

185 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз