• Ұлттану
  • 08 Қараша, 2014

Кәсіпкерлер «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға белсенділік танытуда

«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының төрағасы кеншілер өлкесіндегі құрылыс және қуат көзін үнемдеу саласындағы 50-ге жуық кәсіпорынның өнімі ұсынылған көрмеде болды. Талғат Ермегияев ауқымды құрылысқа аймақтық шағын және орта бизнесті тарту керектігін айта келе, бірқатар меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар құрылыс жүргізуге жауапты мердігер компаниялар да өңірдегі бес кәсіпорынмен келісімшартқа отырды. Енді бұл мекемелер темір бетон өнімдері мен дабылқаққыш, желдеткіш қондырғылар мен арнайы жұмыс киімін жеткізетін болады.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысына отандық бизнесті тарту мақсатында бүгін арнайы брифинг те ұйымдастырылды. Онда халықаралық көрме павильондарын салу жұмыстарына Қарағанды өңірінен кемі 15 құрылыс компаниясы қатысатындығы айтылды.

Қуаныш Жанақов, ЖШС директоры:
– Елбасы әрдайым орта және шағын бизнеске мән беріп отырады. Соның арқасында біз «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында өз өндірісімізді 2 есеге көбейттік. Бүгін «Экспо-2017» құрылысын басқаратын ірі компаниямен меморандумға қол қойдым. Біздің зауытымыз көп тапсырыспен 3 жылға қамтылды. Зауытта 200-дей адам жұмыс істейді.

Businessnews.kz

229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз