• Ұлттану
  • 09 Қараша, 2014

Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 15 жылдығын атап өтті

Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 15 жылдығын атап өтті.

«Ұлттық бірлестіктің құрметіне орай Омбы филармониясының концерттік залында салтанатты жиын және мерекелік концерт өткізілді. Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 15 жылдығына арналған аталған шараға 1 мыңнан астам адам қатысты. Омбы облысы мен Омбы қаласының басшылығы ұлттық бірлестікті мерейтойымен құттықтады», - делінген Омбы облысы үкіметінің ресми сайтында.

Омбы облысы үкіметі төрағасының орынбасары, губернатордың және Омбы облысы үкіметінің аппарат басшысы  Владимир Компанейщиков ұйым жетекшісі Бота Бакулинге өңір басшысының қолы қойылған құттықтау қағазын тапсырды.

Онда Виктор Назаров халықтық дәстүрлерді және ұлттық тілді сақтауда ұйымның үлесін жоғары бағалаған.

«Автономияның шығармашылық, спорттық және жастарға арналған бірлестіктер  өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуда, халықтардың этномәдени дамуына зор үлесін қосуда, Омбы облысының ұлтаралық келісіміне атсалысуда», - делінген губернатордың құттықтау сөзінде.

Концертте  Омбы облысының әртістері ғана емес, Қазақстан Республикасының өнер майталмандары да өз бағдарламаларын ұсынды.

Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 1999 жылы құрылды және Ресейде жұмыс істей бастаған алғашқы этно-мәдени бірлестіктердің бірі. Ұйымның жанынан «Омбы қазақтары» атты басылым шығады, барлық ұлттық мерекелерді атап өту де дәстүрге айналған. Автономияның өз логотипі де бар. 

ҚазАқпарат

218 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз