• Ұлттану
  • 10 Қараша, 2014

Шымкентте «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында бұқаралық велошеру өтті

«Жас Отан» жастар қанаты ОҚО филиалының ұйымдастыруымен Шымкентте «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында бұқаралық велошеру өтті.  

Спорттық шараға қаланың «Вело қауымдастығы», «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру қоры» корпоративтік қоры қолдау білдірді. Ал, влошерудің 100-ге жуық әуесқой спортшы қатысты.

 

Бауыржан Молдабек, «Жас Отан» жастар қанаты ОҚО филиалының атқарушы хатшысы:

- «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған бұқаралық спорттық шараларымыздың негізгі мақсаты – XXI ғасырда жастар арасында бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысу бұл позитивті тренд екенін насихаттау және де ұлт саулығын қамтамасыз етудің жолы екенін түсіндіру болып табылады. Біздің ойымызша, осындай іс-шаралар қала тұрғындары бойындағы патриоттық сезімдерін арттыруға, белсенді салауатты өмір салтын ұстауға әсер етеді және де ең бастысы, спорт миллиондаған азаматтың, оның ішіндегі жастардың таңдауына айналуы тиіс.

Рауан Берікуали, «Шымкент қаласы Вело қауымдастығы» жетекшісі:

- Қазақстанда велоспорттың бұқаралық спортқа айналуы біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Велоспорт адам денсаулығына пайдалы. Алдағы уақытта, бұқаралық велошерулерді тағы да ұйымдастырамыз. 

baq.kz

268 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз