• Ұлттану
  • 11 Қараша, 2014

Импорттық дәрі-дәрмек өнімдерін отандық препарат алмастырмақ

Компаниялар өндірісті тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарына сәйкес жолға қоюды және конкурсқа жарияланған дәрілік заттардың 800 атауының 561-ін шығаруды бастауды жоспарлап отыр. Дәрі-дәрмектің отандық өндірісінің мұндай көлемі шетелдік өнім берушілерге тәуелді болудан сақтайды және импорттық өнімдерді отандық препараттармен алмастыруға мүмкіндік береді деп хабарлайды ҚР ДСӘД министрлігінің баспасөз қызметі.

 Баспасөз қызметінің хабарлауынша конкурс «СҚ-Фармация» ЖШС аумағында өткізілді. Бағалау комиссиясының құрамына 27 адам – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қызметкерлері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері және Бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері кірді.
Байқауға мемлекетпен ұзақ жылдардан бері ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқан тәжірибесі мол отандық фармацевтикалық өндіріс саласының белгілі кәсіпорындарымен қатар, Қазақстандағы өндірістік жобаларын енді бастап жатқан компаниялар да қатысты. Бұл түсінікті де, өйткені, ұзақ мерзімдік келісімдер шеңберінде Бірегей дистрибьютормен арада жасалатын жеті жылдық кепілді ынтымақтымақтастық жаңа перспектикалық өндірістердің тартымдылығын арттырады.
Жарияланған номенклатурадағы атаулар әлеуетті өнім жеткізушілер арасында ұпай санын ала отырып, таратылды. Теңдей ұпай жинаған компаниялар ішінен жеңімпазы аукцион қағидасы бойынша анықталды, яғни шартты баға жағынан көп шегерім ұсынған әлеуетті өнім жеткізушінің мерейі үстем болды. Осылайша, бәсекеге толы сынақ нәтижесінде бағалау комиссиясы мемлекеттік медициналық қызмет көрсететін ауруханалар үшін 561 түрлі дәрі-дәрмек жеткізетін компанияларды анықтағанын айтады.
Айта кететін жайт, отандық өнім өндірушілерді қолдау шеңберінде Бірегей дистрибьютордың сатып алу шарасында қазақстандық фармацевтикалық зауыттар тендерлік прецедураларда басымдыққа ие болды. Отандық фармацевтикалық саланы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасын табады.

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз