• Ұлттану
  • 15 Қараша, 2014

Алматы облыстық «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары ауысты

Серік Мейірханұлы Мұқанов "Нұр Отан" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

Серік Мейірханұлы 12.04.1953 жылы сол кездегі Талдықорған облысы Гвардейский ауданы  Красногоровка елді мекенінде туған.

Үйленген, 5 баласы бар.

Талдықорған зооветеринарлық техникумын бітірген (1972 жылы), сырттай Алматы ауылшаруашылық институтын тәмамдаған (1981 жылы).

Мамандығы - «Ауыл шаруашылығын жоспарлау». 

-       1974-1979 жж. - «Қызылжар» ұжымшары жұмысшылар кеңесінің төрағасы;

-       1979-1986 жж. - Қызылжар ауылдық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы;

-       1986-1990 жж. - Сарыбұлақ «племовцезаводында» партия комитетінің хатшысы;

-       1990-1991 жж. - Кербұлақ ауданы Арқарлы ұжымшары партия комитетінің хатшысы;

-       09.1991-02.1992 жж. - осы ұжымшар директорының орынбасары;

-       1992-1996 жж. - Кербұлақ аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;

-       02.1996-06.1997 жж. - Талдықорған облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала басқармасының ьасшысы;

-       1997-1998 жж. - Талдықорған облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала басқармасының бас маманы;

-       1998-2001 жж. - Алматы облыстық әлеуметтік-мәдени сала, білім және денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің маманы;

-       10.2001-05.2006 жж. - Алматы облысы әкімінің кеңесшісі;

-       05.2006 жылдан Алматы облысы әкімінің орынбасары. 

ҚазАқпарат

285 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз