• Ұлттану
  • 16 Қараша, 2014

Қарағанды облысының әкімі Индонезия елшісімен өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қарағанды облысының басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков аймаққа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Индонезия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Гултом Фостерді қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аймақ басшысы мәртебелі мейманға Қарағанды облысы, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті билік органдарының жұмысы жайлы баяндап берді. Оның ішінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына да тоқталды.

- Өзіңіз білетіндей, күні кеше ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялаған болатын. Еліміздегі ең ірі облыс ретінде Қарағанды өңірі Жолдауды жүзеге асыруға бар күшін салады, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Оның ішінде индонезиялық «Multistrada Arah Sarana Tbk» компаниясы ұсынған «Қарағандырезинатехника» ЖШС-ның құрылысы да сөз болды.

Гултом Фостер мырза өз сөзінде аймақ басшысының жылы қабылдауына алғысын білдірді.

ҚазАқпарат

257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз