• Ұлттану
  • 16 Қараша, 2014

Оралда соңғы екі жылда 117 бизнес жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд. теңге бөлінді

Орал қаласында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес соңғы екі жылда 117 бизнес жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд. теңге бөлінді.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, осы кезеңде 529 жаңа жұмыс орны ашылды. 2013-2014 жылдары қалада 4,8 мың адам жұмысқа орналастырылса, соның 2,4 мыңы немесе 50 пайызы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы өз орнын тапты. Сондай-ақ 42 адам шағын несиеге қол жеткізді. Жұмыссыздық деңгейі қалада 0,7 пайызға дейін төмендеді.

ҚазАқпарат

238 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз