• Ұлттану
  • 17 Қараша, 2014

ОҚО-да диірмен мен мұнай өңдеу кешені бизнестің жол картасы бойынша іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында «Бизнестің жол картасы – 2020» мембағдарламасы бойынша екі жоба іске қосылды

«ОҚО Сайрам ауданында «БЖК-2020» бойынша екі кәсіпорын жұмысын бастады. Осының арқасында Ақсукенттің 70 тұрғыны жұмысқа орналасты», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Әкімшілік мәліметтерінше, кәсіпорындардың бірі – «заманауи диірмен. Ол түрік технологияларымен жабдықталған». Оның қуаты тәулігіне 300 тонна астық тартуға жетеді. Онда 40 адам жұмысқа орналастырылған, ал жоба құны Т897 млн.

Ашылған екінші кәсіпорын — мұнай мен мұнай өнімдерін өңдейтін және сақтайтын кешен. Онда 30 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Кәсіпорында 18 мың текше метр ЖЖМ сақтауға және сатуға шығаруға болады.

businessnews.kz

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз