• Ұлттану
  • 18 Қараша, 2014

ШҚО Ұлан ауданында биыл 185 жаңа жұмыс орыны ашылған

Биылғы жылы Ұлан ауданына 1 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылып, 185 жұмыс орны ашылған. Бұл туралы тікелей эфир форматында өткен брифингте Ұлан ауданының әкімі Бақытжан Баяхметов мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

  Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында биыл аграрлық-өнеркәсіптік кешен, ресурсты үнемдеу технологиясы мен туризм саласы бойынша ауданда 16 инвестициялық жоба қолға алынған. Аудан әкімінің айтуынша, аймақта былтырғы жылмен салыстырғанда, бюджеттік инвестициядан гөрі жеке меншік инвестиция құю белсенділігі едәуір артқан.
«2013 жылы жеке меншік инвестиция көлемі 45 %, ал мемлекеттік бюджеттен құйылған инвестиция 54 % құраған болатын. Ағымдағы жылы жеке меншік инвестиция 76 % дейін жетті. Сәйкесінше, ауданда шағын және орта бизнес өткен жылмен салыстырғанда 13 % артып отыр», – деді аудан әкімі.
Инвестициялық жобаларды игеруде негізгі маңыз аграрлық-өнеркәсіптік кешенге берілген. Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, ауданды өніммен қамту мақсатында құны 725 млрд теңгелік 12 жоба іске асып, 165 адам жұмыспен қамтылған.
– Сонымен қатар аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде екінші дүниежүзілік соғыста мерт болған жауынгерлерге саябақ салынуда. Құрылысына 40 млн теңге бөлінген. Саябақ келесі жылдың 7 мамырына дейін ашылады. Кентте сондай-ақ, Батырлар аллеясын салу да жоспарымызда бар, – деді Б. Баяхметов.

baq.kz

242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз