• Ұлттану
  • 20 Қараша, 2014

Қызылордалық тар KEGOC-тың 12 мың 600 акциясын сатып алған

«ҚазТрансОйл» компаниясынан кейін құнды қағаздарды қор нарығына шығаруға «KEGOC» акционерлік қоғамының кезек алғаны белгілі. Еліміздегі энергетикалық желілерге иелік етуші ірі кәсіпорын өкілдерінің инвесторлармен кездесуі Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жалғасын тапты. Роуд-шоу шеңберінде акцияларды сатып алудың тәртібі таныстырылды.  

9 бөлімшеден тұратын алып компания еншісінде 24,5 мың шақырым электр желісі бар. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы кәсіпорын қор нарығына 26 миллион акциясын шығарған. Бір акцияның құны – 505 теңге.

Жаңабай Бексары, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

-Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ең ірі, орныққан, экономикалық болашағы айқын компаниялар шығарылған. Ең басты мақсаты – халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру, жақсарту.

Халықтық бағдарлама көпшілікті қызықтырмай қоймады. Компания басшыларымен кездесуге ақтаулық жұртшылық көп жиналды. Халық компания акцияларының өсімі мен болашағы және салатын ақшаларының сенімділігіне қатысты сауалдарына жауап алды.

Ал қызылордалықтардың қызығушылығы тіпті жоғары. Алғашқы 3 күннің ішінде мыңға жуық қала тұрғыны «Қазпоштаға» тапсырыс беріп, KEGOC-тың 12 мың 600 акциясын сатып алып үлгерген.

Пахуадин Ерсеитов, «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалының директоры

-Қазір осы уақытта біздің 1-ші үшкүндікте республика бойынша алдыңғы 3-ші орынды иелендік. Өйткені қазір халық белсенді, акцияларды алуға осы кезге дейін 8 млн теңгеге акция сатып алынды.

Кәсіпорынның дивиденттік саясаты кемінде 40 пайыздан кем емес кірісті болжайды. Сенімді инвесторлар компанияның жоспарлы дамуын нақты жүзеге асыру үшін керек. Бұл ретте Қазақстанның энергетикалық тәуелділігін қамтамасыз етуді көздейтін 15 ірі жоба қолға алынбақ. 

baq.kz

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз