• Ұлттану
  • 21 Қараша, 2014

Қазақстан мен Швейцария тараптары Украиналық дағдарыстың жылдамдатып реттелуіне мүдделі - Елбасы

Қазақстан мен Швейцария тараптары Украиналық дағдарыстың тез арада шешілуіне мүдделі. Бүгін Ақордада Швейцария Президенті Дидье Буркхальтермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап өтті.

Швейцария Президентімен жемісті келіссөздер өткеніне және бұл ел ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы екеніне тоқталған Н. Назарбаев, «Швейцарияның  төрағалығы өте қиын уақытта өтуде. Бұл Украина дағдарысы, сондай-ақ ЕҚЫҰ аумағында орын алып отырған өзге проблемалар. Біз 2010 жылы ұйымға төрағалық еткен болатынбыз және бұл тұрғыда тәжірибеміз бар. Арнайы Астаналық декларация қабылданып, біз онда өзіміздің пікірімізді айттық. Осы орайда еліміздің тәжірибесі пайдаланылады деген үміттеміз»,-деді Елбасы.

ҚР Президенті Халықаралық саясатта болып жатқан оқиғаларға екі ел бірдей көзқарасты ұстанып отырғанын айта келе, «Қос тарап та Украиналық дағдарыс проблемасын жылдамдатып шешу ниетін білдіріп отыр. Біз бұл елде бейбітшілік орнап, әл-ауқатының тұрақтануына мүдделіміз»,-деді Елбасы.

ҚазАқпарат

204 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз