• Ұлттану
  • 25 Қараша, 2014

Тәуелсіздік күніне орай Астанада концерттер мен театрлық қойылымдар көрсетіледі

Астанада Тәуелсіздік күніне орай кең ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан.

5-18 желтоқсанда «АЛЖИР» мұражайында «Тәуелсіздік едіміздің тірегі» бейнепанорамалық көрме өтеді, халық шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар 13 желтоқсанда «Қазақстан» ОКЗ «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалайды. 15 желтоқсанда қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтың мың күйі» атты концерт өтеді.

«Қазақстан» ОКЗ көпшілік назарына Алтынай Жорабаеваның «Қазақстан алға!» атты концерті ұсынылады. 

Сахна өнерінің табынушылары 14 және 17 желтоқсанда Жаңа Оқушылар сарайында Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын және Н. Гогольдің «Ревизор» трагифарс жанрындағы қойылымын тамашалайды. Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты спектакль көрсетіледі.

Конгресс-Холлда «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны (14 желтоқсан) және «Ән мен әнші» концерті (17 желтоқсан) өтеді.

16 желтоқсанда қалалық алаңда Астана қаласының жастарына, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған би кеші ұйымдастырылады. Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Биыл 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 23 жыл болады. 

ҚазАқпарат

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз