• Ұлттану
  • 25 Қараша, 2014

«Болашақ жастары» қызылордалық студенттермен кездесті

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ «Болашақ» университетінде кездесу өткізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков сөз алып, ақпараттық-насихаттық топ құрамымен таныстыра келе, Жолдаудың ерекшеліктері мен мақсаттары жайлы тарата әңгімеледі. 

Ақпараттық топ құрамындағы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев  Елбасы Жолдауындағы әр бағытқа жеке-жеке тоқталып өтті. Ақпараттық-насихаттық топ Қызылордадағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кездесулерін жалғастыратын болады.

ҚазАқпарат

228 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз