• Ұлттану
  • 08 Желтоқсан, 2014

Қазақстан мен ЭСКАТО SIDS елдеріне қолдау көрсету туралы келісімге қол қойды

Қазақстан БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (АзТМЭӘК) Комиссияның бірқатар Тынық мұхиты бассейні мемлекеттері – Шағын аралдық дамушы мемлекеттер (SIDS) тобы мүшелеріне қолдау бойынша арнайы жобасына бағытталған еліміздің ерікті жарнасы ретіндегі көмек көрсетуді қарастыратын келісімге қол қойды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

«Жобаның мақсаты аталған мемлекеттердің инклюзивті және тұрақты даму әлеуетін арттырату болып табылады.
Маңызды ұлттық энергетикалық ресурстарға ие Қазақстан баламалы энергия көздерін әртараптандыру мен талдау арқылы жасыл экономиканы дамытуды ұстанады»
, — делінген хабарламада.

Энергетикалық дағдарыс, азық-түлік пен суға шектеулі мүмкіндік тұрақты даму мен тұрақтылыққа қауіпсіздік тудырып отыр және де дүниежүзілік жұртшылық назарын аудартуда. Сондықтан, азық-түлік, су және энергетикалық қауіпсіздік Қазақстанның 2017-18 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне сайлау бойынша науқанының негізгі басымдықтары болып табылады.

БҰҰ қамқорлығымен жақында өткен Дамушы шағын аралдық мемлекетер мәселелері жөніндегі Үшінші халықаралық конференцияда Қазақстан үкіметі АзТМЭӘК-пен бірлескен Тынық мұхиты өңіріне арналған биогаз жобасын қолдауға қызығушылық танытты.

Жоба мазмұны қатты және сұйық қоқысты қауіпсіз әдіспен кәдеге жарату мәселелерін шешуге көмектесетін, сонымен қатар жергілікті қауым-бенефициарлар үшін табыс көзі мен тіршілік етуге керек қаржы тудыруға мүмкіндік беретін биогазға негізделген қайта жаңғыртылатын энергия жүйесін қондыру болып табылады.

Көмектің мемлекет-реципиенттері өңірдің 10 мемлекеттері – Кирибати, Маршал аралдары, Микронезия, Науру, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Самоа, Соломон аралдары, Тимор-Леште және Тонга болып табылады.

Жобаның пилоттық нұсқасы биогаздық жүйенің энергия өндіру және қатты мен сұйық қоқысты қауіпсіз әдіспен кәдеге жарату (тыңайтқыш заттар, балық жемін өндіру, судың қайта айналуы) мәселелерін шешуде, сонымен қатар жергілікті қауым-бенефициарлар үшін табыс көзі мен тіршілік етуге қажет қаржы тудыруды көтермелеуде тиімділігін табысты көрсетті.

businessnews.kz

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз