• Ұлттану
  • 10 Желтоқсан, 2014

Петропавлда қоғамдық көліктердегі жолақы 15 теңгеге қымбаттайтын болды

Петропавлда қоғамдық көліктердегі жолақы 15 теңгеге қымбаттайтын болды.

Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеген. Бұған дейін жолаушылар тасымалдайтын компаниялар жол жүру құнын 92 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Олардың дерегінше, қазіргі баға, яғни 50 теңге, шығынды толық жаппайды.

Соңғы рет аймақта жолақы тарифі 2011 жылы көтерілген. Олар 3 жыл ішінде жанармай мен қосалқы бөлшектер бағасы шамамен 50 пайызға өскенін айтады. Сондықтан қоғамдық көліктердің жолақысын көтеруге тура келді, дейді жергілікті билік өкілдері. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша, ересектер үшін жолақы құны 65 теңге, ал балалар мен зейнеткерлерге 30 теңге болмақ.

Азат Бейсембин, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
– Осыған дейін бізге келіп түскен ұсыныстар дұрыс есептелмеген. Сондықтан әкімдік оларды қайта есептеп, мәслихат «жолақысын 65 теңге қылу керек» деген шешім шығарды. Қазір бұл жобаны «Әділет» департаменті қарастырып жатыр. Олар қол қойғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаймыз. Жолақы құны жаңа жылға дейін көтеріледі.

Businessnews.kz.

251 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз